8 қазанда «Қызылорда – Семей» жолаушылар пойызында өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

8 қазан күні сағат 02:45-те көлік полициясына Жамбыл облысының «Бурный – Сурым» аралығындағы «Қызылорда-Семей» жолаушылар пойызының электр қондырғысы өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына көлік полициясының жедел-тергеу тобы жіберілді. Жанған вагонның екі жағындағы вагондар қоршауға алынып, 34 жолаушы қауіпсіз жерге шығарылды.

Зардап шеккендер жоқ. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!