2021 жылы 25 шілдеде 40 округ бойынша ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне сайлау өтті.

Сайлау учаскелері бойынша 36071 азамат сайлаушылар тізіміне енгізілді, оның 30149-ы (83,58%) дауыс беруге қатысты.

«Әкімге үміткерлер саны – 122 адам. 40 округтің барлығында әкімдер сайланды. Оның ішінде: партия ұсынған «Nur Otan» партиясы – 30 адам, «Ауыл» ХДПП – 2 адам, «ADAL» ПП – 2 адам, Қазақстан халық партиясы – 1 адам, Өзін-өзі ұсыну бойынша – 5 адам», – делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!