Қызылорда қалалық Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімі жедел уәкілдерінің кәсіби шеберліктері мен қырағылықтары нәтижесінде ақша ұрлығы ізі суымай ашылды.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғыны арызданған болатын. Белгісіз адам қала аумағында орналасқан азық-түлік дүкендердің бірінде тұрған терминалды бұзып, 160 мың теңгені ұрлап кеткен.

Жедел мәлімет бойынша полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!