Фото: видеодан скриншот

Cу тасқынының салдарымен күрес 1 сәуірге қараған түні де жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, сағат 04:00-ге қарай Атырау облысына Қызылорда облысы ТЖД құтқарушылары аттанды.

Олар өңірдегі су тасқынының салдарын жоюға бағытталды, – делінген ведомствоның хабарламасында.

Осы түні сондай-ақ Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылында су басу қаупінің алдын алу мақсатында, бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!