Алматыда жас жігіттен таяқ жеп, ауруханада көз жұмған 4 жасар Хантөренің нағашы әжесі оқиға туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

фактісімен қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін”, – дейді заңгер Бадат Амандосұлы.

Әкенің арызын қабылдап, ешқандай шара қолданбады делінген учаскелік полицейлердің мәселесі қызметтік тексерістің қорытындысынан кейін белгілі болады. Атышулы іс бойынша күдікке ілінген 19 жастағы жігіт қазір қамаула отыр. Тергеу жалғасуда.

Еске салсақ, сұмдық жайт өткен аптада болған. Төрт жасар Хантөрені анасы азаматтық некедегі күйеуіне қалдырып жұмысқа кеткен. Сол уақытта жас жігіт бүлдіршінді соққыға жығып, балабақшаға апарып тастаған. Ауыр жарақат алған баланың жағдайы бөбекжайда күрт нашарлап, ауруханадан бір-ақ шыққан. Іш құрылысы зақымданған баланың соңғы демі төрт күннен кейін жансақтау бөлімінде үзілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!