Фото: atameken.kz

Әйелін өлтірді деп айыпталып, сотта жауап беріп жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаев кеше ұялы телефонының құпия сөзін айтқан еді. Телефондағы видеода әйелін балағаттап, қайта-қайта «Райымбек Баталовпен төсектес болдың ба?» деп сұрақтың астына салған сәті бар. Осыдан кейін кәсіпкер Райымбек Баталов жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Достар, мен соңғы уақытқа дейін Бишімбаевтың сот отырысына қатысты пікір білдіргім келмеді. Алайда менің атыма кір келтіретін сұмдық айтыптаулар мәлімдеме жасауға мәжбүр етті. Бұл өтірікке сенбеулеріңізді өтінемін. БАҚ өкілдері мен блогерлерге анықталмаған ақпаратты таратпауды өтінемін. Қызын қорғағысы келген Салтанаттың жанұясы мен жақындары үшін мұндай қайғыны еңсеру оңай емес. Нүкеновтердің отбасына шын жүректен көңіл айтамын», – деді Райымбек Баталов.

Естеріңізге сала кетейік, Райымбек Баталов Қазақстандағы ең бай бизнесмендердің бірі. 

Бұған дейін де Бишімбаев марқұм Салтанат Нүкенованың Райымбек есімді кәсіпкермен қарым-қатынасы болғанын сотта айтқан еді.

«Ол менің кеңсемде бір адаммен түскен суретім бар екенін, сол суреттегі адамның біраз уақыт көңілдесі болғанын айтты. Мен ол адамды танимын. Әрине, бұл ақпарат мені қатты таң қалдырды. Ол одан 20 жас үлкен, төрт баласы бар, Қазақстанда өте танымал адам. Сенімді болу үшін атын ғана айтайын. Есімі Райымбек», – деген еді ол.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!