Ресей президенті Владимир Путин Қырғызстан басшысы Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесіп, Астанадағы кездесуге келісті, деп хабарлайды BaigeNews.

7 қазанда Санкт-Петербургте ТМД басшыларының бейресми саммиті өтті. Қырғызстан президенті оған бара алмады. Ресми саммит қараша айының ортасында Қазақстан астанасында өтеді деп жоспарланған.

«Саммит басталғанға дейін президент Путин Жапаровпен телефон арқылы сөйлесіп, олар екіжақты қатынастарға байланысты мәселелерді талқылауды Астанада өткізуге келісті», – деді Песков «Мәскеу.Кремль.Путин» бағдарламасында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!