Аймақ тұрғындары кезекті саяси науқанға белсенді қатысуда. Оның бір мысалын Қызылорда қаласындағы №353 сайлау учаскесінен байқауға болады. Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған сыныптары бар мектепте орналасқан сайлау учаскесіне тұрғындар таңнан келіп, дауыс беруде.

Алғаш дауыс бергендердің қатарында Шегебай Башенов те бар. Саяси науқанға өз үлесін қосуға келген азамат таңдау жасап, сыйлық алды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!