Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова биылғы егін науқаны жұмыстарын қорытындылап, озат еңбеккерлерді марапаттады. Салтанатты шарада Қорқат ата атындағы Қызылорда университетінің  Жаратылыстану институтының директоры, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а Самалбек Қосанов «Озат агроном» номинациясын иеленді.

«Ауылшаруашылығы дақылдарынан сапалы әрі тұрақты түрде өнім алу үшін ғылыми зерттеулерді назарға алу қажет. Өйткені жыл сайын климаттағы өзгеріс, судың тапшылығы және тұқымның сапасыз болуы – өнімге әсерін тигізбей қоймайды. Осы ретте аграрлық секторды дамыту мақсатында ғылыми тұжырымдамаларға ден қоюдамыз. Біздің аймақ бақша дақылдарын өсіруде еліміздегі жетекші облыстардың бірі. Біз жыл сайын қауын егу ариалын кеңейтіп, бүгінде тұқым шаруашылығына басымдық бердік», – деді Самалбек Қосанов.

Қазіргі таңда ғалым өндірістің әртараптандыру және ғылыми негіздегі жаңа технологиялар енгізу бағытында белсенді жұмыс атқарады. Сондай-ақ, жергілікті қауын сортын қайта қалпына келтіру, өңдеу жұмыстарын жүргізуде.