Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Үкіметтен ақбөкендерді зерттеу жұмысына қаржы бөлуді сұрады. Президенттен сөгіс алған министр осылайша мәселені шешудің балама жолдарын іздей бастады деп хабарлады turkystan.kz

«Ресурстарды тиімді мониторингтеу және орнықты басқару үшін Қазақстандағы киік популяциясы ареалындағы экожүйелерді кешенді бағалау жөнінде терең ғылыми зерттеулер жүргізу қажет. Биыл Зоология институты Ғылым және жоғары білім министрлігіне 2022-2024 жылдарға арналған бағдарламалық мақсатты қаржыландыру аясында зерттеу жүргізуге өтінім берді. Алайда өкінішке қарай, жоба қабылданбады. Осыған байланысты, Әлихан Асханұлы, Ғылым және жоғары білім және Қаржы министрлігіне осы зерттеулер үшін осы жылы қаржы бөлу мүмкіндігін қарауды тапсыруды сұраймыз, – деді ол Премьер-министр Әлихан Смайыловқа.

14 шілде күні Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Брекешевке киік атуға рұқсат бергені үшін сөгіс жариялаған болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!