Шымкентте анасы мен қызын жаяу жүргіншілер жолағында қаққан полиция қызметкері қамауға алынды. 7 тамыз күні әйел жансақтау бөлімінде есін жимастан көз жұмған болатын. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

3 тамыз күні Байтұрсынов көшесінің бойында Тұран АПБ-ның жүргізуші-полицейі жаяу жүргіншілер өткелінде екі адамды қағып, жол апатын жасаған болатын.Салдарынан анасы мен қызы әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. “Қазір жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Сондай-ақ қызметтік тексеру нәтижесінде тәртіп сақшысы Ішкі істер органдарынан босатылғанын хабарлаймыз. Қазір ол УҰИ-ға қамалды”, – делінген хабарламада.Қылмыстық іс материалдары айыптау актісімен бірге сотқа жолданаған.Айта кетейік, тергеу барысы полиция департаментінің бастығы Қайрат Далбековтің қатаң бақылауында.Еске салсақ, 7 тамызда жансақтау бөлімінде жатқан әйел есін жимастан қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!