Психолог мамандардың сотталған адамдар арасында жұмыс жүргізудің басты міндеттерінің бірі – әлеуметтік медициналық көмекті қажет ететін азаматтарды анықтау және мұндай жағдай болғанда қиындықтарды шешіп, тұрмыстарын өзгертуге әлеуметтік жәрдем көрсету болып табылады.

Қазіргі уақытта Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68, №37 мекемесінің психолог мамандары сотталған азаматтар мен жұмыстарын уақытылы жүргізуде.

Соның бірі, ҚР ҚК 122 бабы 3 бөлігі 1 тармағы бойынша сотталған азамат пен жеке кездесу өтті. Психолог пен кездесу барысында сотталған азамат өзін жайлы сезіне алды. Сөйлесу арқылы №37 мекемесінің психолог маманы сотталған азаматтың жай күйін сезіну мақсатында ақ параққа үй, ағаш, адамның суретін салдыртып, жазасын өтеуші азаматтың психологиялық қалпын түсіне алды. Сондай психолог маманнан сотталған азаматқа отбасылық тұрғыда, психолог маманы ретінде  қолдау көрсетіп, ашық әңгіме жүргізді. Өткізілген іс-шарада жазасын өтеуші азамат жақсы әсер алып, №68,№37 мекемесінің психолог мамандары Сүлеймен Омарбек пен Ақгүл Амановаға алғысын білдірді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!