Солтүстік Қазақстан облысында әдеп жөніндегі кеңес ауылдық округтердің бірінің әкіміне қатысты тәртіптік істі қарады. Шенеунік биыл көктемде мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған болатын, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот қаулысымен әйел әкім әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылды. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті оның әрекетіне баға берді.

Деректерге сүйенсек, шенеунік бұған дейін де ескерту түрінде тәртіптік жазаға тартылған.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысында ауыл әкімін жұмыста ішімдік ішкені үшін жұмыстан шығару ұсынылған болатын. Ал ауыл тұрғындары керісінше оны қорғап шықты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!