Фото: ҚР ТЖМ

Азаматтық қорғау қызметтерімен Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы іс-шаралар, су тасқыны салдарын жою және халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл туралы KAZINFORM ақпарат агенттігі хабарлайды.

Батыс Қазақстан облысында жағдай тұрақталып келеді. Су басқан саяжай аумақтарына мониторинг жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдайлар және полиция департаментінің қызметкерлері бірлесіп, су басқан аумақтарды патрульдеп жатып. Бұл туралы ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп ОКҚ брифингінде хабарлады.

«Атырау облысындағы жағдайға мониторинг жалғасып жатыр. Су деңгейіне мониторинг жүргізілуде. Су тасқынынан қорғау мақсатында Атырау қаласында бөгеттерді нығайту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда ұзындығы 498 шақырымды құрайтын бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді спикер.

Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 6148 тұрғын үй мен 2 794 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды.

Су тасқыны басталғалы бері 119 220 адам, оның ішінде 44 776 бала құтқарылып, эваакуацияланды. Республика бойынша 36 745 адам өз үйіне оралды. 6 909 адам эвакуациялау пункттерінде. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 27 мыңнан астам адам жұмылдырылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!