Ресейдің Пермь облысында қайғылы оқиға болды. Колледж студенті теміржол бойында тұрған вагон-цистернаға шығып, тірідей өртеніп кетті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. 

ProCHAD мәліметінше, барлық төтенше жағдайлар қызметі хабарланған. Ресей теміржол жұмысшылары байланыс желісін қуатсыздандырған кезде, баланың денесін цистернадан алған.

2007 жылы туған бала теміржол жоқ ауылдан оқуға келген және ол өзіне төніп тұрған қауіп-қатерді сезбеген. Жігіт суретке түспек болған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!