Төтенше жағдай талаптарына сәйкес қабылданған шектеу шараларына түсіністікпен қарап, ортақ тәртіпке бағынуымыз қажет. Бұл – елдігіміз бен егемендігімізді сақтаудың кепілі. Аудан тұрғындарын, әсіресе жастар қауымын арандатушыларға ермеуге, жалған ақпараттарға сенбеуге шақырамын. Дәл қазір үйде болып, комендаттық тәртіпті қатаң сақтауға тиіспіз. Ең маңыздысы, қалыптасқан ахуал Мемлекет басшысының тікелей бақылауында. Президент заңдылыққа сәйкес нақты әрі қырағы шешімдер қабылдап, бұл тығырықтан елді алып шағады деп сенеміз.
Соңғы күндері еліміздің бірқатар өңірінде болған қайғылы оқиғалар салдарынан біраз азаматымыздан айрылып қалдық. Оның ішінде антына адал, сертіне берік күштік құрылым қызметкерлері, әскерилер де бар. Соған байланысты Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Осы ретте «Jas Otan» Жастар қанатының Сырдария ауданындағы мүшелерінің атынан қаза тапқандардың туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккен азаматтардың тез арада сауығып кетуіне тілектеспіз.
Ақтөре Ибрагимұлы,
«Jas Otan» ЖҚ Сырдария аудандық бөлімшесінің басшысы, аудандық мәслихат депутаты

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!