ҚазАқпарат – Тәртіпсіздіктерде қаза болғандардың отбасына көмек көрсету біздің қасиетті борышымыз, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаза болған тәртіп сақшыларының, әскери қызметшілер мен қарапайым азаматтардың отбасына көмек көрсету біздің қасиетті борышымыз. Бұл мәселе менің жіті бақылауымда болады. Тұрғын үймен, оқумен және басқа да қажетті нәрсемен қамтамасыз етеміз», – деді Мәжіліс отырысына бейнебайланыс арқылы қатысқан Қазақстан Президенті.

Айта кетейік, бүгінгі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Премьер-Министрі лауазымына тағайындауға келісім беру үшін Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасын депутаттардың қарауына ұсынған болатын. Талқылау барысында Мәжіліс депутаттары Президенттің ұсынысын бірауыздан қолдап, Әлихан Смайыловтың Үкімет басшысы болып тағайындалуына келісім берді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!