Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мәжіліс отырысында, саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша жоспарларды айқындап, үкіметке бірқатар тапсырмалар берген болатын.
Президент өз сөзінде: «Тәуелсіздік тарихында біз алғаш рет аса күрделі және қатерлі кезеңге тап болдық. Ел басына түскен осындай сынақты қайыспай, біртұтас ел болып еңсере білдік. Енді біз мұндай жағдайға ешқашан жол бермеуміз қажет деп, елді сабырлыққа, ауызбіршілікке үндеді.
Президент сондай ақ, елдің алға қарай дамуы үшін мемлекет халқына, егеменді елімізді алға қарай жұмыла өркендетуге бірге ат салысуға шақырып, жаңа қазақстанды құруға шақырды.
Мемлекет басшысы мәжіліс отырысында, егеменді мемлекеттің жаңа дамуы үшін аянбай еңбек ету қажет екендігін жеткізді. Оған әрбір қазақстандықтың осы үндеуге өз үлесін қосу керектігін айтқым келеді.
Құрметті жерлестер, баршамыз жаңа қазақстанды құруға атсалысып, еліміздің қарыштап дамуына өз үлесімізді қосуға шақырамын.
Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын! Тәуелсіз мемлекетіміз тұғырлы болғай.

Сабырбай Ержан Әділжанұлы
Арал аудандық «Jas Otan» жастар қанатының жетекшісі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!