Талдықорған әкімдігі 160 миллион теңгені негізсіз жұмсамақ болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Заңсыздықты Жетісу облысының прокурорлары анықтады.

«Талдықорған қаласының әкімдігі аулаларды абаттандыру туралы жобалау-сметалық құжаттамаға жеке құрылыс компаниясы орындап тастаған инженерлік желілерді (жылу трассасы, кәріз жүйелері) тарту бойынша шығыстарды қосқан», – деп мәлімдеді ведомство.

Қадағалау актісі бойынша жобалау құжатына түзету енгізілді. Көрсетілген сомалар мен жұмыстар алынып тасталды.

Ал кінәлі мамандар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!