Бүгін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері мен оқытушылары Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бастау алған «Таза Қазақстан – таза аймақ» облыстық акциясына университеттің Ботаникалық бағында ағаш көшеттерін отырғызып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Акция барысында университеттің 100-ден астам студенті мен аға буын оқытушылары бірлесе отырып, 500-ге жуық ағаш көшеттерін отырғызып, қаланың жасыл желекке айналуына атсалысты.

Қорқыт ата университетінің жалпы аумағы 4,38 га құрайтын ботаникалық бағы қалаға көрік беретін жасыл желек қана емес, студенттердің тәжірибелік сабақтарының базасы болып табылады.

Ұйымдастырушылардың сөзінше университет студенттері жыл сайын дәстүрлі түрде көктемгі көгалдандыру жұмыстары мен ағаш көшеттерін отырғызуға белсенді түрде атсалысып келеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!