«Ақниет ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорының филиалы өңірімізде өз жұмысын бастағалы да үш жылдың жүзі болды. Осы уақыт ішінде аталған қордың теологтары мен Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің АКАӘПТЖБ-нің теологиялық оңалту жұмыстарының ұйымдастыру тобының инспектор теологы әділет лейтенанты Темірбек Сәулеттің ұйымдастыруымен қор жетекшісімен кездесу өтті. Кездесуде қордың өңіріміздегі жетекшісі ретінде Ислам Каюпов келді. Маманның айтуынша білікті мамандарды жұмыспен қамтып отырған аталмыш қордың жұмысы қазіргі таңда өз жемісін беруде.
Осы орайда қор жетекшісі сотталған азаматқа «Ақида мәселесі» және Мәтуриди ақидасы қазақ халқының хақ сенімі екендігін түсіндіріп, дәлел ретінде қазақ хандығы дәуірінде өмір сүрген ақын-жыраулардың поэзиясына да зер салып, қазақ халқының Хақ дінді берік ұстанғанынан хабардар бола алатындығымызды жеткізді. Оған мысал ретінде Асанқайғы, Шалкиіз, Қазтуған, Ақтамберді, Бұқар, Шөже Махамбет және т.б. еңбектерінде Ханафи-Мәтуриди сенім мектебінің сарыны айқын аңғарылады. Тіпті олардың ізін басқан Ыбырай Алтынсарин, Хакім Абай, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрімдер де Мәтуриди ақидасына берік болғандығын сотталғандарға тарихи дәлелдерді келтіріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Осыған орай жазасын өтеуші азаматтар өз ойларымен бөлісіп отырды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!