Фото: видеодан скриншот

Қостанай қаласында Тобыл өзені арнасынан асты. Алдымен жағажай, кейін теннис орталығы мен 80 көше су астында қалды. Сонымен қатар 2 көпір жабылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қала басшысы Марат Жүндібаев Қостанай су ең жоғарғы деңгейіне жеткенін айтты. Дегенмен су азаяды деуге әлі ерте дейді. 

«Үш саяжай бірлестігі, теннис орталығы. Демалыс орны мен «Апельсин» сауда үйі су астында қалды. «Колесный ряд» ауданында 6-7 көше эвакуаляианды. Барлығы 745 қарап эвакуацияланып, 31 эвакопункте жеткізілді. 80 үйді су басты, зардап шеккендер жоқ», – деді қала басшысы. 

Қазіргі таңда Қостанай мен Тобылды тек орталық көпір ғана байланыстырып тұр. Әйткенмен су деңгейінің артуына байланысты орталық көпір де жабылуы мүмкін. Қазіргі таңда күштік құрам судың арнасынан асуын болдырмауға жұмылдырылған. 

Қаланың бұрынғы басшысы Ахметбек Ахметжановтың мейрамханасы да су астында. Нысан мемлекет меншігіне өткізілген, алайда сату мүмкін болмады. Қостанай маңындағы елді мекендерге әлі де қауіп төніп тұр. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!