Президент өз жолдауында жаңа өзгерістерді жүзеге асыру үшін Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу керегін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Бұл бастамалар еліміздің саяси жүйесі мен әкімшілік-аумақтық құрылымын едәуір өзгертеді. Оны жүзеге асыру үшін Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу керек. Сондай-ақ жыл соңына дейін тағы 20-дан астам заң қабылдау қажет», – деді Тоқаев.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Елде Ұлттық Құрылтай енгізуді ұсынған еді. Оның сөзінше, Құрылтай билік пен халық арасында көпір қызметін атқарады. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!