Саммит қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданады деп жоспарланған

 Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қаңтарда «Орталық Азия – ҚХР» атты саммитке қатысады.

Іс-шара дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған. Жиын онлайн өтеді.

Саммитке Қытай тарапы бастамашы болды, деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те.

Көшбасшылар түрлі салалар бойынша Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы көпжақты стратегиялық ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылайды.

Жиын қорытындысы бойынша дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына байланысты бірлескен мәлімдеме қабылданады деп жоспарланған.

Айта кетері, Қазақстан мен Қытай арасында дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 3 қаңтарда орнатылды.

Биыл екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстарға 30 жыл толып отыр.

Sputnik.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!