26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған айлық аясында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «Туризм есірткіге қарсы!» атты есірткіге қарсы профилактикалық іс-шара өткізді.

Іс-шараға Қызылорда облысы білім басқармасының «Сыр жұлдыздары» балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық және инновациялар академиясы» қосымша білім беру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы жазғы лагерьде демалып жатқан балалар қатысты. Сонымен қатар шараны ұйымдастыруға және өткізуге Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен еріктілер белсенді атсалысты.

Туризм есірткіге қарсы: қызылордалық оқушыларға арналған профилактикалық іс-шара өткізілді

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында есірткіге деген тұрақты теріс көзқарас қалыптастыру, салауатты өмір салтын, белсенді демалысты және жазғы демалыс кезеңіндегі пайдалы бос уақытты насихаттау.

Қатысушылар үшін командаларды таныстыру, туристік эстафеталар, шығармашылық байқаулар, ән орындау, есірткіге қарсы ұрандар айту, туристік жабдықтарды жинау және тақырыптық көріністер қою секілді түрлі сайыстар ұйымдастырылды. Барлық тапсырмалар командалық бірлікті нығайтуға, шығармашылық қабілеттерді дамытуға, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға және белсенді азаматтық ұстанымды дәріптеуге бағытталды.

Туризм есірткіге қарсы: қызылордалық оқушыларға арналған профилактикалық іс-шара өткізілді

Іс-шара барысында балалар өздерінің дайындық деңгейін, тапқырлығын, ұйымшылдығын және белсенділігін көрсетті. Сонымен қатар қатысушыларға есірткінің зияны, салауатты өмір салтының артықшылықтары және туризм, спорт пен шығармашылық сияқты пайдалы қызығушылықтардың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады. Барлық қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Осындай іс-шаралар балалар мен жасөспірімдердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға, есірткіге қарсы дүниетанымды нығайтуға және оң өмірлік құндылықтарды насихаттауға ықпал етеді.

«Туризм есірткіге қарсы!» іс-шарасы жарқын әсерлер, жаңа тәжірибе, достық пен белсенді демалыс зиянды әдеттер мен қауіпті әуестіктерге ең жақсы балама екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Туризм есірткіге қарсы: қызылордалық оқушыларға арналған профилактикалық іс-шара өткізілді

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!