Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы болып Асхат Оразбеков тағайындалды.

Азаматтық қорғау подполковнигі Асхат Плалұлы Оразбеков Қызылорда қаласында 1984 жылы туған.

Білімі жоғары – 2004 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2014 жылы Болашақ университетін тәмамдап, «құрылысшы» біліктілігін алған.

Еңбек жолын 2005 жылдан Қызылорда облысы төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының Сырдария ауданы төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің аға анықтаушысы болып бастаған. Азаматтық қорғау органдары саласында аға анықтаушы, бас маман, жедел кезекші, басқарма бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. Бүгінгі тағайындалған қызметіне дейін Қызылорда қаласы төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары қызметін абыроймен атқарды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!