Үндістандық миллиардер Гаутам Адани әлемдегі ең бай төртінші адам болды. Осылайша ол Билл Гейтсті басып озып. Бұған Bloomberg агенттігі есептеген Bloomberg Billionaires Index (BBI) мәліметтері дәлел бола алады.

Индекске сәйкес, Гаутам Аданидің байлығы 113 миллиард долларға бағаланады, бұл Microsoft негізін қалаушының байлығынан бір миллиард долларға асып түседі. Осылайша, миллиардер әлемдегі ең бай төртінші адам болды.

60 жастағы үнді көмір магнаты қазір миллиардерлер Джефф Безос, Бернард Арно және 253 миллиард доллар байлығымен әлемдегі ең бай адам ретінде тізімнің басында тұрған Илон Масктан кейін тұр.

Бұған дейін миллиардер және кәсіпкер Гаутам Адани Азияның ең бай адамы атанған болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!