Қызылорда ОПД Есірткі қылмысына қрасы іс-қимыл басқармасы тарапынан, облыс көлемінде оқушы, студенттер арасында есірткіге қарсы үгіт бригадалар байқауы ұйымдастырылды.


Сайыстың негізгі мақсаты – жастар, балалар мен жасөспірімдердің бойында есірткі тарату мен тұтынуға қарсы тұруын дамыту, салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты бағалау болып табылды.


Сайыстың бірінші кезеңі аймақтарда жергілікті білім бөлімдерімен өткізілді. Екінші кезеңге үздік болып танылған 20 команда қатысып, есірткі мәселесіне байланысты ой – пікірлерін, өздерінің үгіттеу шаралары мен миниатюралар театырындағы қойылымдарында көрсете білді.


Сайыскерлер тақырыпқа байланысты түрлі мағлұматтарға сүйеніп, осы бағытта ізденіп, есірткі мәселесіне кеңінен тоқталды деп айтуға болады.
Сайыстық комиссиясының шешіміне сәйкес екінші кезеңге қатысқан барлық үгіт бригадалар аймақтық жеңімпаздар болып танылды. Үздік болып танылғандар: Шиелі ауданы N50, Қармақшы ауданы №273, Арал ауданы №220 орта мектептер.


Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!