Ұлттық құрылтай – қоғам үшін жаңа диалог алаңы ретінде маңызды орын алады. Оның басты мақсаты – қоғамның түрлі топтарын біріктіріп, халықтың үнін тыңдау, олардың пікірлерін ескеріп, елдің болашағына қатысты шешімдерді бірлесіп қабылдау. Осы мақсатта “Ауыл” партиясы Қызылорда облысы бойынша өңірлік филиалында алқалы жиын өтті.

Жиынға ой пікір білдіруге ауыл шаруашылығы мен қоғам дамуына сүбелі үлес қосқан ардагерлер, ғалымдар, мәслихат депутаттары, аудандық филиал төрағалары, қоғам белсенділері, партияның белсенді мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
Тақырыпты тарқату барысында облыстық филиалдың аппарат басшысы Серікбай Өмірзақов баяндама жасап, ел дамуына ықпал ететін әлеуметтік, экономикалық және саяси мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ қатысушылар пікірлерін ортаға салып, Ұлттық құрылтайдың еліміз үшін оңтайлы шешім екеніне сенетіндерін жеткізді.

Жиын соңында қатысушылар тарапынан арнайы комиссия құрылып, Сыр өңірінде өтетін Ұлттық құрылтай отырысына дейін халықтың пікірін тікелей ескеріп, нақты ұсыныстар дайындауға мүмкіндік беріледі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!