ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында ҰҚШҰ туралы шетелде тарап жатқан жаңсақ пікірдің алдын алу керектігін атады, деп хабарлайды inform.kz.

«Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына жеке тоқталығым келеді. Бұған қатысты түрлі қауессеттің, әсіресе, шетелде тарап жатқан жаңсақ пікірдің алдын алу қажет. Бұл ұйым ұжымдық қауіпсіздік мәселелерімен айналысады. Қазақстан оның толыққанды құрылтайшысының бірі. Осы ұйымның барлық мүшелерінен жасақталған бітімгершілікт контингенті Қазақстанға уақытша мерзімге ғана келді», – деген Президент ұйымға жүктелген міндеттер нақты айқындалғанын баса айтты. «Лаңкестерге қарсы операцияны толығымен Қазақстанның күштік құрылымдары жүзеге асыруда. Шын мәнінде солардың жанкешті іс-әрекетінің арқасында төңкеріске жол берілген жоқ», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!