Украина елшісі Петр Врублевский Қазақстаннан кететін болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бүгін мәжіліс кулуарында Украинаның сыртқы істер министрлігі жаңа елші тағайындау туралы өтініш жібергенін мәлім етті. Олардың өтініші қарастырылып жатыр. 

“Біз Мария Захарованың (РФ СІМ ресми өкілі) сөзіне түсінбеушілікпен қараймыз. Өйткені оның айтқан сөздері Қазақстан мен Ресей арасындағы серіктестік сипаттағы қатынастарға қайшы келеді”, – деді Айбек Смадияров.

Бұл мәлімдеме ресейлік шенеуніктерді тікесінен тік тұрғызды. Олар дереу елшіні қызметінен босатып, Қазақстаннан шығару керектігін талап еткен. 

Кеше Ресей дипломатиялық ведомствоның ресми өкілі Мария Захарова Қазақстан елшісі Ермек Көшербаевты шақыртып, Петр Врублевскийдің айыптауларына қатысты ресми Астананың еш әрекет етпегеніне наразылық танытты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!