Ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында Арықбалық ауылдық округінде жастармен кездесу өтті.

▪️Ауқымды шарада мемлекеттік бағдарламалар бойынша барлық ауыл тұрғындарына, Neet жастарға сала мамандары Қазалы ауданының жұмыспен қамту орталығы, Қазалы Ауданының Кәсіпкерлік Бөлімі, Қазалы-ауданының Ауыл Шаруашылығы Бөлімі, Қазалы Ауданының Тұрғын Үй Коммуналдық Шаруашылығы Жолаушылар Көлігі және Автомобиль Жолдары Бөлімі Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесінен мамандар қатысып кеңес беріп, түсіндіріп, сұрақтарға жауаптар берілді.

▪️Ауыл жастарының басын қосқан шара концерттік бағдарламамен жалғасып, жастардың өнерін тамашалады.

Шара соңында бейресми жастардың кездесуі өтті.

▪️Жастармен еркін форматта ашық диалог жүргізіліп, бірге алау от жағылып, жастар әнін айтып, өлең оқып, сол арқылы ұсыныстар мен ауылдағы шешімін таппай жүрген мәселелерді тыңдалды.

Кездесуге аудан әкімі аппаратының басшысы Ринад Ибайдуллаұлы, Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Қайрат Әбубәкірұлы және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Нұржан Аралбаев қатысты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!