Фото: egemen.kz

Еліміздегі омбудсмен институтына 20 жылдан асты. 2002 жылы Президент Жарлығымен құрылғанымен де, демократияға ұмтылатын мемлекеттің міндетті элементі ретінде адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтын жандандыру бастамасы кейінгі жылдары ғана қолға алынды.
2022 жылдың 18 қарашасында мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен елдегі Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің және оның жергілікті жерлердегі өкілдерінің міндеттері мен құзыретін айқындайтын арнайы Конституциялық заң күшіне енді.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл қызметінің міндеттері адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын ілгерлетуге ықпал ету.
Еліміздің әрбір өңірінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдері мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалып жұмыстарын атқаруда.
2022 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкіліне тұрғындар 29 арыз түсірген. Ал өткен жылы 174 арыз түсіпті, оның 118-іне түсіндірме беріліп, 56-сы қанағаттандырылған.
– Түскен арыздардыңсипаты бойынша 14 арызыжүкті және жас әйелдердің еңбек құқықтарынақатысты жазылған, – дейді Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің облыс бойынша өкілі Дәурен Шәріпбаев.
Еліміздің еңбек заңнамасына сәйкес әйелдерге мынадай құқықтар мен шектеулер беріледі:
Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерді, жүкті әйелдерді және ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан кері шақырып алуға жол берілмейді (Еңбек Кодексінің 95-бабының 4-тармағы).
Еңбек кодексінің 99-бабына сәйкес жүкті әйелдерге, бала туған әйелдерге, жаңа туған баланы асырап алған әйелдерге бала тууға байланысты мынадай демалыстар беріледі:
1) жүктілігі және босануы бойынша демалыс;
2) жаңа туған баланы асырап алған жұмыскерлерге демалыс;
3) бала үш жасқа толғанға дейін бағып-күтуге арналған жалақысы сақталмайтын демалыс.
Жүкті әйел жүктілікке және босануға байланысты демалысқа құқық беретін еңбекке уақытша қабілетсіздік парағында көрсетілген күннен бастап оны демалыстың осы түріне құқықты растайтын еңбекке уақытша қабілетсіздік парағын ұсыну арқылы ресімдейді. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, ұзақтығы босануға дейін күнтізбелік жетпіс күнге және босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты (қиын босанған немесе екі немесе одан көп бала туған жағдайда – жетпіс) күнге жүктілікке және босануға байланысты демалыс беріледі. Демалыстарды есептеу жиынтықтап жүргізіледі және демалыс әйелге босанғанға дейін нақты пайдаланған күндерінің санына және жұмыс берушідегі жұмысының ұзақтығына қарамастан, толық беріледі. Жаңа туған баланы асырап алған жұмыскерлерге бала асырап алынған күннен бастап және бала туған күннен бастап елу алты күн өткенге дейінгі кезеңге демалыс беріледі. Егер Еңбек және ұжымдық шарт талаптарында, жұмыс берушінің актісінде көзделсе, жұмыс беруші орташа жалақысын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем сомасын шегеріп, жүктілікке және босануға байланысты демалысқа, жаңа туған баланы асырап алған жұмыскерлерге берілетін демалысқа ақы төлейді.
Әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізіміне сәйкес әйелдерді ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарға жұмысқа орналастыруға жол берілмейді (Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 26-бабы 2-тармағының 4) тармақшасы). «Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің ауыр заттарды тасуы мен жылжытуының шекті нормаларын және әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шекті нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы №944 бұйрығына әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын 25 кіші бөлім бойынша шамамен 287 атау кіреді.
Еңбек кодексінің 44-бабына сәйкес жұмыс беруші медициналық қорытынды негізінде жүкті әйелді орташа жалақысын сақтай отырып, зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауыстыруға міндетті. Жүкті әйелге басқа жұмыс берілгенге дейін ол орташа жалақысы сақтала отырып, жұмысты орындаудан босатылуға жатады. Жүкті әйел жұмыс беруші ұсынған басқа жұмысқа ауысудан бас тартқан жағдайда, ол жүктілікке және босануға байланысты демалыс берілгенге дейін жалақысы сақталмайтын қарсы көрсетілген жұмысты орындаудан босатылуға жатады. Еңбек шарты белгілі бір мерзімге байланысты мерзімі. Алайда, егер бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталған күні жүкті әйел он екі және одан да көп апта мерзімдегі жүктілік туралы медициналық қорытынды ұсынса, сондай-ақ үш жасқа дейінгі баласы бар, бала асырап алған және бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалысқа өз құқығын пайдалануға ниет білдірген жұмыскер уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру жағдайларынан басқа, еңбек шартының мерзімін ұзарту туралы жазбаша, онда жұмыс беруші еңбек шартының мерзімін бала күтімі бойынша демалыс аяқталған күнге дейін ұзартуға міндетті (Еңбек кодексінің 51-бабының 1 және 2-тармақтары). Жұмыс берушіге жүктілік туралы анықтаманы ұсынған жүкті әйелдермен, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы) тәрбиелеп отырған жалғызілікті аналармен, 52-баптың 1-тармағының 2 және 3 тармақшаларында белгіленген негіздер бойынша аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де адамдармен еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуға жол берілмейді.
Жұмыс беруші жүкті әйелдің, үш жасқа дейінгі баласы бар ата-ананың біреуінің жазбаша өтініші бойынша толық емес жұмыс уақытын белгілейді (Еңбек кодексінің 70-бабының 3-тармағы). Жұмыс уақытының жиынтық есебі үздіксіз жұмыс істейтін өндірістерде, цехтарда, учаскелерде және өндіріс жағдайлары бойынша қызметкерлердің осы санаты үшін белгіленген жұмыс уақытының күнделікті немесе апта сайынғы ұзақтығы сақталмайтын жұмыстардың кейбір түрлерінде қолданылады.


Дәурен ШАРИПБАЕВ,
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!