Қоғамның әрбір мүшесі мемлекет қарастырған мүмкіндіктерді мейлінше пайдалануға құқылы. Ал дағдыны қалыптастыру арқылы адамның өз-өзіне сенімділігін арттырып, тұлғалық дамуына қажетті ресурстармен қамтуға болады. Қазіргі таңда мемлекет көп балалы аналар мен жастар үшін жан-жақты мол мүмкіндіктер беріп отыр. Осы бағытта аймақта Орталық Азияның Еуразия қоры арқылы қаржыландыратын «Сіздің даусыңыз маңызды». Технологиялар арқылы шешім қабылдауға азаматтық қатысу» жобасының демеушілігімен «Көп балалы аналар мен жастардың шешім қабылдауға қатысуын қолдау» жобасы жүзеге асырылуда.🪶Жоба аясында бүгінгі күнге дейін көп балалы аналар мен жастардың арасынан белсенді топ жасақтау үшін түсіндірме жұмыстары, мемлекеттік органдармен, бизнес өкілдерімен және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен ынтымақтастықты орнату жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, аналар мен жастарға цифрлық технологияларды меңгерту, цифрлық дағдыларды қалыптастыру бағытында да оқу курстары ұйымдастырылды. Жобадан күтілетін нәтиже де ауқымды – белсенді 50 қатысушы өз дауыстары арқылы еліміздің маңызды шешімдерінің қабылдануына қатысуға мүмкіндік алатын болмақ. Цифрлық сауаттылық арқылы өз қауымдастықтарының әлеуметтік мәселелері мен қажеттіліктерін оңай анықтап, атқарушы органдар мен билікке жеткізу тетіктерін қолданады. Бүгінге дейін жоба аясында дебат турнирі, цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша оқыту курстары, «Ашық есік күні» шаралары өткізіліп, бірқатар жастар мен көп балалы аналарға қажетті білімдер мен керек кеңестер берілді.

Бүгін «Zhaniya School» оқу орталығында аталмыш жобаның қорытынды кездесуі ұйымдастырылып, оған Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, «Аманат» партиясы мен «Отбасын қолдау» орталығының арнайы өкілі, Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен 50-ге жуық жобаға қатысушы жастар, көп балалы аналар қатысты. Жиынды өңірдегі жоба жетекшісі, «Ақ босаға» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Тәжиева Зейнар Дастанқызы ашып, жоба басталғалы жүргізілген жұмыстар мен мақсатты шараларға тоқталып өтті. Шара соңында цифрлық сауаттылықты арттыру сабақтарына қатысып, қажетті дағдылармен қамтылған бірқатар көп балалы аналарға сертификат табысталып, жиналған қонақтар арнайы жайылған ақ дастарханнан дәм татты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!