Бүгін облыстық қоғамдық штаб мүшелері жастар орталығында белсенді жастар, студенттер, «Жасыл ел» еңбек жасағы өкілдерімен референдумды насихаттау бойынша кездесу өткізді.

Онда еліміздің Конституциялық заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар және ел көлемінде өткізгелі отырған референдумның мән-мағынасы түсіндірілді.


Республикалық референдум өткізудің тәртібі мен міндеттері, конституциялық реформаның бағыттары, жаңа Қазақстанды құрудағы референдумның маңызы, мемлекеттік жастар саясаты саласында атқарылған жұмыстар, жастарды жұмыспен қамту мәселелері туралы айтылды.


Басқосуға қатысқан «Қауырсын» жас ақындар үйірмесінің жетекшісі, облыстық қоғамдық штаб мүшесі Мамыр Байдәулетов референдумның жарқын болашақ пен жаңа өмірге қадам жасайтын маңызды сәт екенін баса жеткізді.


Іс-шара барысында жастар тарапынан экологиялық мәдениетті көтерудің маңыздылығын жеткізіп, қатарластарын саяси науқанға белсенді қатысуға үндеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!