«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесінде «22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні» қарсаңында жазасын өтеуші жастарға кіші футболдан сайыс өтті.

Кіші футбол сайысында жазасын өтеушілер арасынан жалпы 6 команда жасақталып, 30 жас қатысты.

Шара барысында Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Артур Қамбаров екі күнге созылған шараны қорытындылап, қатысушыларға мемлекеттік бағдарламалар мен жастарға жасалып жатқан мүмкіндіктерге тоқталып өтті:

  • Құрметті сайысқа қатысушы жастар! Мемлекет біртұтас ұлт ретінде еліміздің әрбір азаматын барлық мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда жастарға қатысты мемлекет тарапынан кешенді шаралар жүргізілуде. Өткен жылы мемлекеттік «Жастар саясаты» жөнінде заң қабылданып, бұл заңның жаңа нормасы аясында жастар санаты 29 жастан 35 жасқа дейін ұлғайтылды. Демек мемлекеттік қолдауға жастарға арналған механизмдерді қолданатын азаматтар саны да едәуір артты деген сөз. Мемлекеттік реформалар мен жастар үшін қабылданып жатқан бағдарламалардың игілігін әрбір жас көруге құқылы. Сіздер де алдағы уақытта өз өмірлеріңізді дұрыс арнаға бұрып, жарқын болашақ үшін құндылық пен азаматтық ұстанымдарыңызды нақтылауларыңызға тілекшімін. Дәл осындай спорттық шаралар мұндағы жастардың арасында саламатты өмір салтын дамытуға сеп болары сөзсіз. Барша жеңімпаздарды құттықтаймын, – деді Артур Раушанбекұлы.

Сайыс қорытындысымен:

орын — I отряд командасы;орын — V a отряд командасы;
орын — V в отряд командалары марапатталды.

Сонымен қатар қатысушы командалар «Үздік ойыншы», «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы» және «Үздік қорғаушы» номинацияларымен марапатталып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!