Тоқты

Апта тынымсыз болады. Өзіңізді шегі жоқ тауға саяхаттағандай сезінесіз. Бірнеше саладағы әртүрлі мәселені қатар шешуге мәжбүр боласыз. Ең қиыны, соның бәрі бір уақытқа сәйкес келеді. Бірақ берілмей, істі соңына дейін жеткізсеңіз, апта сыйлықсыз қалдырмайды.  

Торпақ

Жинақылық, жауапкершілік сізге серік болады. Бірақ көңіл көтеруді жақсы көретін жандар өзін көп нәрседен тыяды. Есесіне, еңбегінің жемісін апта аяғында көреді. Одан бөлек, бастаған ісі оны бірнеше ай бойына қаржымен қамтамасыз етеді. 

Егіздер

         Өткен аптада бар назарыңызды жұмысыңызға бөліп, қарым-қатынасқа келгенде тұйықталып қалдыңыз. Енді уақытыңызды достарыңыз бен отбасыңызға арнаңыз. Жұлдыздар көп қаржы шығармауға кеңес береді. Бірақ кез келген адамға ашыла бермеген жөн.

Шаян

Мақсат қоя білетіндігіңіз бен кез келген істі тез меңгеретініңіз беделіңізді арттырады. Апта бойына барлық істі аяқтауға уақыт жеткіліксіз көрінеді. Бірақ уайымдаудың қажеті жоқ. Өйткені бұл апта  сіздің  жағыңызда. Олардың барлық сала бойынша жолы болады. 

Арыстан

Апта сәтті болады: өміріңіз жаңа таныстармен толығады, өмір жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Керемет эмоциялар сыйлайды. Сіз қатты ғашық болуыңыз мүмкін. Бұл ғашықтық өз міндеттеріңізді де ұмыттырады. Дер кезінде өзіңізді қолға алмасаңыз, қиындыққа тап болуыңыз әбден мүмкін. 

Бикеш

Жұлдыздар ойыңызды жинақтап, асықпай шешім қабылдап үйренуге кеңес береді. Егер шынайы мүмкіндіктерді дер кезінде аңғармасаңыз, апта сіз үшін қиын болуы мүмкін. Стиліңіз бен имиджіңіз өзгереді. Жұмыс өзгертіп, бөтен аймаққа көшіп кетуіңіз де ғажап емес. Шешім қабылдамай, ұзақ жүріп алудан сақ болғаныңыз абзал. Өйткені бұл күйзеліске бастайды.  

Таразы

Өмірдің әр сәтінен ләззат алып үйреніңіз. Асықпай жоспар құрып, әр кезеңнен кезеңге салмақты түрде адымдаңыз. Аналитикалық ойлау қабілетіңіз бен ішкі түйсігіңіз ешқашан алдамай, дұрыс жол сілтейді. Жақын жандардың қасында болғаныңыз дұрыс.

Сарышаян

Түрлі сынақ күтеді. Кез келген істі тек ойланып қолға алған дұрыс. Асығыс шешім шығынға алып келеді. Бірақ, бұл тоқтап қалу деген белгі емес. Керісінше алға жылжыған сайын жолыңыз анығырақ болады. Жақындарыңызға көңіл бөлуді ұмытпаған жөн. Қажетті энергияны айналаңыздағы адамдар ғана береді. 

Мерген

Жоспар сіз ойлағандай жылдам іске асатынына әбден үйренгенсіз. Бірақ келер аптада кішкене кідіруге тура келеді. Қалыпты жағдайдан ауытқитын сәттер жиі кездеседі. Апта өз тәжірибеңізді қолдануға, өз-өзіңізді танытуға мүмкіндік береді. 

Тауешкі

Апта басталған сәттен-ақ сатқындық пен алдаудың құрбаны боласыз. Бірақ сіз оңайлықпен берілмейсіз. Алдағы апта сізге жаңа тәжірибелер алып келеді. Тың нәрсемен танысу үшін жаңа білім көзін іздеуге тура келеді. 

Суқұйғыш

Алдағы апта сіз үшін түрлі сынақтарға толы. Әріптестермен арада түсініспеушілік және қаржы қиындықтары туындайды. Бірақ ашық-жарқын жандар бұдан бір жолын тауып шығады. Кез келген құмар ойындарынан аулақ болғаны жөн. Өйткені олардың дер кезінде тоқтауы өте қиын.

Балық

Кейінге шегеріп жүрген істерді жүзеге асыратын уақыт келді. Ең күшті энергия көзі сіздің ойыңызбен бірге болады. Сондықтан әр қадамды сенімді түрде басқан абзал.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!