Еліміздің кәмелетке толған әр азаматы мемлекеттен тегін 10 сотық жер алу мүмкіндігіне ие. Бірақ бұл бағдарлама бұрындары әркімнің өзі тұратын жердегі әкімдік арқылы жүзеге асты. Қағаз жүзінде өтініш тапсыру әрі сол өңірден ғана таңдау мүмкіндігі берген. Енді бұл жүйе толықтай электрондық әдіске көшіріліп отыр. Енді кәмелетке толған әрбі қазақстандық үйден шықпай-ақ, 10 сотық жерге eGov.kz  арқылы өтініш бере алады. Тағы бір жаңашылдық  енді таңдаған аймақтың әкімдігіне бармайақ, еліміздің кез келген өңірінен жер телімін алу үшін өтініш беруге болады.

Жаңа өзгеріске сәйкес, қазақстан халқы жер учаскесіне кезекке тұрып, оның жылжу барысын eGov.kz порталында өз бетінше бақылай алады.

Енді жаңа жүйенің арқасында қазақстандықтар кезекке тұрып, eGov.kz порталында оның жылжу барысын өз бетінше бақылап, жер кезегіне бұдан бұрын берілген өтініштің деректерін өзектендіре алады. Әрбір қазақстандық алуға тиіс 10 сотық жерді алу процесі барынша ашық болады.

Қызметті алу жолы:Қызметті алу үшін eGov.kz порталына кіріп, «Жылжымайтын мүлік» – «Жер қатынастары» бөлімінен «Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін /10сотық жер/ алуға кезекті қарау немесе кезекке тұру» қызметін таңдау  қажет, одан кейін өтініш түрін таңдау қажет, порталда өтініштің 3 түрі бар: 1) кезекке қою; 2) деректерді өзектендіру; 3) кезектен шығару.

Егер сіз жер учасксін алу үшін кезекке алғаш рет өтініш білдіріп тұрсаңыз, онда жер алуды қалайтын аймақты таңдайсыз.

Сонымен қатар,  жер кезегінің ретін  ЭЦП кілт арқылы авторизациядан өтіп www.map.gov4c.kz/egkn/  сайтынан бақылап отыруға болады.

Бұрын алған жер кезегінен бас тарту үшін «Шығару» өтініш түрін таңдайсыз.

Сонымен қатар, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу заңдылықтарына қосымша өзгерістер енгізді. Енді нотариуста жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша жасалған мәміледен кейін клиент қалауы бойынша қосымша ақы төлеп, қызмет нәтижесін төлем жасалған сәттен бастап екі сағат ішінде жеделдетілген тәртіппен ала алады.

Бүгінгі таңда нотариусқа жүгінген клиенттерге нәтижелер жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу үшін ақы төленгені жөніндегі мәлімет құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Көбіне бұл ипотеканы, несиені, кепілді және банктердегі басқа да қажеттіліктерді ресімдейтін клиенттердің мүлкін құжаттау процесін кешіктіруі мүмкін.

Бұған дейін «Азаматтарға арналған үкімет» Каѕрі компаниясымен бірлесіп, жылжымайтын мүлікті нотариустарда тіркеген клиенттер үшін Кaspi.kz қосымшасында қызмет ақысын төлеу мүмкіндігі қарастырылған.

А.АЛИБЕКОВА,
Қызылорда облысының әділет

департаментінің бас маманы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!