2024 жылы айлық есептік көрсеткіш 3 692 теңгеге өсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

фото: Stan.kz

Айлық есептік көрсеткішке байланысты жол ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдар мөлшері де 7%-ға артқан.

Жол ережесін бұзғаны үшін

2024 жылы автомобиль қозғалысының жылдамдығын 10-20 шақырымға арттырғаны үшін айыппұл 5 АЕК немесе 18 460 теңгеге тең. Жүргізуші жылдамдықты сағатына 20-40 шақырымға арттырса 10 АЕК немесе 36 920 теңге мөлшерінде айыппұл арқалайды. Жылдамдықты сағатына 40 шақырымнан асырғаны үшін 20 АЕК немесе 73 840 теңге айыппұл салынады. Жүргізуші әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде жылдамдықты арттырып, тағы да жаза басса 30 АЕК немесе 110 760 теңге айыппұл төлейді.

Автокөлікті басқаруға мүмкіндік беретін төлқұжаты жоқ жүргізушіге 20 АЕК немесе 73 840 теңге мөлшерінде айыппұл көзделген. Көлік құралын басқару құқығынан айырылғандар көлік жүргізсе 50 АЕК немесе 184 600 теңге айыппұл төлейді не 20 тәулікке қамауға алынады.

Жол белгілеріндегі немесе жолдың жүру бөлігін белгілеумен көрсетілген талаптарды сақтамағаны үшін айыппұл мөлшері 11 076 теңге яғни, 3 АЕК-ке тең.

Жүргізуші бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен жағдайда 10 АЕК немесе 36 920 теңге айыппұл арқалайды. Құқық бұзушылық қайталанған жағайда айыппұл мөлшері 15 АЕК немесе 55 380 теңгеге дейін артады.

Жол қозғалысы ережелерін бұзып, жаяу жүргіншілер жолдарымен, жол жиегімен немесе тротуарлармен жүрген көлік жүргізушілеріне 15 АЕК – 55 380 теңге айыппұл салу көзделген.

Автотұрақ ережелерін бұзған жағдайда немесе жүргізушісі көлікті тұраққа  дұрыс қоймаса 5 АЕК немесе 18 460 теңге айыппұл төлейді. Тротуарда, гүлзарларда, балалар және спорт алаңдарындағы тұрақта, сондай-ақ басқа да автомобильдердің жүруіне кедергі болған жағдайда 10 АЕК — 36 920 теңгеге дейін айыппұл салынады. Ақылы тұрақ үшін төлеуден жалтарған жүргізушілер 3 АЕК немесе 11 076 теңге айыппұл арқалайды.

Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзып, қауіпсіздік белбеуін тақпай, көлік басқарып бара жатып телефонды пайдаланған жүргізушілер 5 АЕК көлемінде, яғни, 18 460 теңге айыппұл төлейді.

Жаяу жүргіншілер үшін

Жол жүру ережесіне бағынбайтын жаяу жүргіншілер мен өзге де жол қозғалысына қатысушылар үшін де айыппұл мөлшері 7 384 теңге – 2 АЕК-ке өскен. Бір жыл ішінде қайта ереже бұзсаңыз айыппұл көлемі 10 АЕК-ке немесе 36 920 теңгеге дейін артады. 

Басқа да айыппұл түрлері

Полиция қызметкерлері мен тергеушілердің қызметтік міндеттерін атқару кезінде олардың заңды өкімдеріне бағынбайтындар немесе олардың жұмысына кедергі келтіргенде 30 АЕК – 110 700 теңге көлемінде айыппұл төлейді немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады.

Қоғамдық орында түкіргені үшін, сондай-ақ белгіленбеген жерлерде қоқыс лақтырғаны үшін бастапқыда 5 АЕК-ке немесе 18 460 теңге айыппұл салынса, құқық бұзушылық қайталанған жағдайда айыппұл мөлшері 10 АЕК-ке немесе 36 920 теңгеге артады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!