фото: stan.kz/ ашық дереккөзден алынды
Дәрігер-диетолог, эндокринолог Наталья Лазуренко тәттіге әуестіктің қартаюды жылдамдататынын ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 360 арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Оның сөзінше, қант қосылған өнімдер уақытынан ерте қартаюға алып келеді. Себебі қант ағзадағы ақуыз бен майларға қосылып, гликация пайда болады екен.
«Гликация өнімдері тінде жиналып, жасушаға кері әсер етеді. Инфекциялық емес қабыну қартаюды тездетіп, жасушаның өлуіне себеп болады», – дейді ол.
Лазуренко гликацияның адам жасымен байланысты дерттердің туындауына алып келеді дейді. Мәселен, адамда май басу, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары дерті, атеросклероз туындауы мүмкін. Мерзімінен ерте қартаюдың алдын алу үшін дәрігер құрамында көміртек пен қант бар өнімдерді аз тұтынып, жасұнық, дәнді дақылдар, антиоксиданттары көп тамақ тұтынуға кеңес береді.
«Сонымен қатар дүкеннен өнім алғанда құрамын мұқият оқу керек. Алдымен ең көп мөлшерде кездесетін заттарға мән беріңіз. Мысалы, қант, фруктоза немесе табиғи қант басқа құрамдас бөліктерден көп болмағаны жөн», – деді эндокринолог.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!