Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «СҚ-Фармация» ЖШС басшысы Ерхат Есқалиев журналистердің сауалына жауап берді.

Жиын барысында БАҚ өкілі «СҚ-Фармацияға» республикалық бюджеттен, атап айтқанда, МӘМС қорынан қаражат бөлініп отырғанын айта келіп, Ерхат Есқалиевтен жалақысы қанша екенін сұрады.

Мұндай сұраққа компания басшысы біраз тосылып қалды да, былай деп жауап берді: «Менің жалақым 1 миллион 404 мың теңге. Қолға аламын», – деді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!