Танымал “Дос-Мұқасан” ансамблінің негізін қалаушылардың бірі, барабаншы Литвинов Александр бүгін түнде дүниеден озды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаралы хабар “Дос-Мұқасан” тобының Instagram парақшасында жарияланды.

“Бүгін түнде 75 жасқа қараған шағында Литвинов Александр Михайлович дүниеден өтті. Ол біздің «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушылардың бірі, барабаншы. Оның балаларына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Ол біздің жүрегімізде ең ақкөңіл, мейірімді, шыншыл, жанашыр, жарқын бейнесімен сақталады”, – делінген жазбада.

Желі қолданушылары да марқұмның жақындарына көңіл айтты.

“Арты қайырлы болсын”, “Жақсы адам, таланттың музыкант еді”, “Арты қайырлы болсын”, “Біз сізді ешқашан ұмытпаймыз, қош болыңыз”, – деп жазды желідегілер.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!