Тәуелсіздік деген не, саралайық,

Тұлғаларды төрге қойып, бір толғайық.

Тәуелсіздік – біздерге берілген бақ,

Одан басқа таба алдың ба, жауап лайық.

Тәуелсіздік – қыран құс қалықтаған,

Қалықтаған, биіктен жалықпаған.

Тәуелсіздік – ол арыстан, нағыз патша,

Басқа аңдар қадірлеп, ұлықтаған.

Тәуелсіздік – салт-дәстүрің жақұт болған,

Тәуелсіздік – сенің тілің, байлық толған.

Тәуелсіздік – өшпес дінің, ақиқатты жақтаған,

Тәуелсіздік – үлкен белес асуларға бастаған.

Кешегі күн – бүгінгі тарих, айналатын аңызға,

Тарих деген – егемендік, құнды болар қазына.

Оны білу – болашаққа бастар жол,

Мәңгі бақи дарысын көктем, күз бен жазына.

Тәуелсіздік деген не, көп екен оның жауабы,

Өз ойын айтып барлығы, өзіне жауап табады.

Тәуелсіздік – ол сенің нағыз бауырың,

Қазақ болған, қандас болған, рухты болған бағалы.

Диас МҰСТАХИМОВ,

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің студенті