Мөлдір АЙТБАЙ – ақын, №101 мектеп-лицейінің орыс тілі пәні мұғалімі«Тәуелсіздіктің құрдастары құрмет пен қошеметке ие болып жатырмыз. Бұл жәй ғана сәтті сәйкестік деп білемін. Үлкен толқын немесе кіші буын елімізді бізден кем сүйеді немесе отанымызға бізден аз еңбек етіп жатыр деген сөз емес. Ең алдымен құрдастарымды осындай сәйкестікпен құттықтаймын. Бір айтыста «Аңыраған ананың, қаңыраған қаланың,Зарымен келген бостандық.Қарға тамған қайраттың Қанымен келген бостандық.Сәбира мен Ләззаттың Арымен келген бостандық.Баянды болғай осының барымен келген бостандық!» – деп айтқаным бар еді. Оңайлықпен келмеген Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Әр салада жүрген жастардың Тәуелсіздікке қосар үлесі орасан зор. Білім саласында еңбек етіп жүргеннен кейін Тәуелсіз Қазақстанға ұлағатты ұрпақ тәрбиелеп, баянды болашақтың куәсі болсақ деген ойымыз бар. Елге жасайтын елеулі еңбектеріміз арта берсін!»

41Азамат Кабаков, Құрылыс Бизнес Колледжі и ещё 39Комментарии: 6Поделились: 26НравитсяКомментироватьПоделиться

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!