ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Бас имамы Болатбек Абуов Арал ауданына қарасты Жақсықылыш кентінде сапарда болды.

Сапар барысында Бас имам «Жақсықылыш» мешітінің күрделі жөндеуден кейін қайта ашылу рәсіміне қатысып, 200 адамға арналған құлшылық үйінде жүргізілген жұмыстар нәтижесімен танысты.

Қазақстан Респуликасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында толығымен күрделі жөндеу жасалған мешіттің едені мен терезелері, кілемдері, жарық шамдары, істен шыққан бақылау камералары жаңартылып, дәретханасы толығымен жабдықталды.