Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай облыстық «Ақмешіт жастары» газеті ұйымдастырған «ЖАСТАР ЖЫРЛАЙДЫ» атты жазба ақындар айтысының жеңімпаздары марапатталды. Оған «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Мұрат Жетпісбаев, «Сыр медиа» ЖШС бас директорының орынбасары Айжан Абдуллаева, үш мәрте «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов төрелік етті.

Жазба ақындар айтысының ақтық мәресіне шыққан 4 ақын – Бексұлтан Орынбасаров, Динар Рахман, Шыңғыс Құдайберген және Айбану Қалиева жұптасып өнер көрсетті.

Шыңғыс Құдайберген мен Динар Рахманның сөз сайысында көркемдік ерекшелік, орамды сөз қолданысы арқылы Шыңғыс Құдайбергеннің ұпайы басым болды.

Бексұлтан Орынбасаров пен Айбану Қалиеваның айтысында Бексұлтан Орынбасаров Айбану Қалиеваға жолын берді. Қазылар алқасы өлеңдердің көркемдік деңгейі, мазмұн ұғынықтылығын сарап салып, ой-пікір білдірді.

Жиын соңында қатысушылар дауысқа салуы және ақындардың ұпай санын есептеу арқылы үздіктерді анықтады. Қазылар алқасы І орынға  Бексұлтан Орынбасаровты (30 ұпай) лайық деп тапса, ІІ орынды Шыңғыс Құдайбергенге (29 ұпай), ІІІ орынды Айбану Қалиева мен Динар Рахманға (27 ұпай) берді.

Айтыстың жүлде қоры – 180 мың теңге. Ақындардың сөз сайысына облыстық мәслихат депутаты, «Сыр үміті» жастар қауымдастығының төрағасы Мағжан Ералиев қолдау көретті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!