Фото: Stan.kz 

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев әкімдік өзі туралы теріс пікір жазған БАҚ-тарды іздеп, оларды зерттеу жүргізу үшін қаржы бөлгені туралы ақпаратқа түсінік берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекеттік сатып алулар сайтындағы мәліметтерге сәйкес, Досаевқа қатысты айтылған 12 мың сөздің барлығы теріс пікірде болған. Alem Research бағалауы бойынша оның басты «жауы» журналист Асхат Ниязовтың Youtube арнасы екені айтылған.

“Шынымды айтсам, қандай БАҚ мені «жақтайтынын» немесе «қарсы» екенін түсінгіміз келсе, мемлекеттік сатып алулар сайтында ешкім ресми есеп жарияламас еді. Бұл жұмысты барлық әкімдіктер жүргізіп жатыр, біз адамдардың көңіл-күйлерін көруіміз керек. Бұл әкімнің қамы үшін емес, Алматы әкімдігінің жұмысы үшін жасалды”, – дейді Досаев.

Алматы әкімі сонымен қатар әркімнің өз пікірі бар екенін атап өтті.

“Біреуге әкімнің жұмысы ұнайды, ал біреуге ұнамайды. Әркімнің өз пікірін білдіруге құқығы бар. Ең бастысы, біз өз жұмысымызбен дұрыс бағытта келе жатқанымызды және атқарған ісімізден оң нәтижелерге қол жеткізіп жатқанымызды дәлелдей алуымызда”, – деп қосты Ерболат Досаев.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!