Фото: Instagram/dinara_sultan1

Қазақстандық танымал әнші Динара Сұлтан желіде күйеуімен түскен жаңа суретін жариялап, оны жер-көкке сыйғызбай мақтады. Өнер иесінің жолдасы бүгінде су тасқынынан зардап шеккендерге барынша көмектесуде, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Динара Сұлтан күйеуі екеуінің жаңа суретін Instagram парақшасында жариялаған. Онда ерлі-зайыптының алма ағаштарын отырғызу шарасына қатысқанын көруге болады.

Сонымен қатар өнер иесі жолдасының видеосын жариялап, бүгінде оның су тасқынынан зардап шеккендерге барынша көмектесіп жатқанын хабарлады. Белгілі болғандай, әншінің күйеуі серіктестерімен бірігіп, қиын жағдайда қалған отандастарына 100 млн теңге көлемінде көмек аударған.

«Осы заманның нағыз батыры- менің жарым деп қойсаң. Бүгінгі таңның тілсіз жауымен айқасу өте қиын болып тұр. Десе де көмек ұшын созып жатқан отандық кәсіпкерлерімізге Алла разы болсын деймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсыншы деп тілеймін», – деп жазды Динара Сұлтан.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!