Қамшыбек Қоңқабаев Азия чемпионатында бақ сынайды

Kyzylorda-news.kz. 21 мамыр – 1 маусым аралығында Дубай қаласында (БАӘ) бокстан ересектер арасында өтетін Азия чемпионатына жерлесіміз, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Қазақстан ұлттық құрама командасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев 91 келіден жоғары салмақта өнер көрсетеді.

Айтулы бәсеке Қамшыбектің Олимпиада алдындағы соңғы жарысы.

Айта кетелік, Токио Олимпиадасына Қызылорда облысынан бокстан Қамшыбек Қоңқабаев пен еркін күрестен Дәулет Ниязбеков жолдама алған болатын.
Қалған үміткер спортшылар лицензиялық жарыстарға қатысуда.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!