Украинаның Харьков қаласында панкратионнан Әлем чемпионатында Олимпиадалық емес спорт түрлерінен жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Абылай Шәкір­беков екі бірдей жүлдеге қол жеткізді.
Жастар арасында панкратион элит нұсқасы бойынша 90 келі салмақ дәрежесінде 2 орын иеленсе, 100 келі салмақ дәрежесінде жүлделі 1 орынды қанжығаға байлады. Болашағынан зор үміт күттіретін спортшының жаттықтырушылары – Арман Мәделханов пен Ербол Ділімбетов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!